Жаз да жақындап қалды. Демек, көліктің дөңгелегін ауыстыратын кез келді. Себебі автокөліктердің барлығы Кеден одағының “Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық талаптарына сәйкес болуы керек.
Қазір қолданыста жазғы және қысқы дөңгелектер деген ұғым бар. Кеден одағының техникалық регламенттері жазғы доңғалақтарды қыста қолдануға, тиісінше, қысқы доңғалақтарды жазда пайдалануға тыйым салады. Бұдан басқа, доңғалақ протекторына қатысты шектеулер енгізілген. Жазғы шиналарда протектор биіктігі кемінде 1,6 миллиметр, ал қыста кем дегенде 4 миллиметр болуы керек. Доңғалақта әдетте “M+S”, “M&S” және “M S” белгілері болады. Автокөлік шиналарында осындай таңбалар болмаса, олар қысқы деп саналмайды.
Кеден одағы талаптарының 8-қосымшасының 5.5-тармақшасына сәйкес жазда (маусым, шілде, тамыз) бұжыртабанды доңғалақ шиналармен жабдықталған көліктерді пайдалануға болмайтыны жазылған. Күзде (қыркүйек, қазан, қараша) және көктемде (наурыз, сәуір, мамыр) автокөлікте қандай шинамен жүру керектігі заңнамада көрсетілмеген. Мұны әркім өзі шешеді. Бірақ протектордың биіктігі, тозуы, зақымдануы бойынша қойылатын жалпы талаптар туралы ұмытпаңыз. Яғни, инспекторлардың сізге 1 маусымға дейін қысқы шиналармен жүруге тыйым салуға құқығы жоқ.
Қысқы және жазғы дөңгелектердің айырмашылығы протекторларында немесе бүртабанында ғана емес. Қысқы доңғалақтар төменгі температураға төзімді материалдан жасалады. Ал температура 7 градусқа дейін жылыған уақытта бұл доңғалақтардың төзімділігі төмендеп, жұмсара бастайды. Мұндай шиналармен жаңбырлы күні жолға шығу да қауіпті. Сондай-ақ, бүртабанды дөңгелектер мұзды жолда жүруге ыңғайлы. Ал жаз уақытында ол асфальт үстінде сырғанауы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын және жол қозғалысы ережелерін білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Ереже бұзғандарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Азамат КӘРІМОВ,
облыстық техникалық реттеу және метрология
департаментінің
бас маманы.
Сурет https://mobshinomontazh.com/ сайтынан алынды.