«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Бүгінгі таңда облыс аумағында 23 мың басқа арналған екі бордақылау алаңы тұрғызылуда. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Ғаламторға өңірімізге жеткізілген асыл тұқымды қара малдың бейнеролигін жүктеген облыс әкімінің хабарлауынша, жылына 1,3 мың тонна ет өңдейтін бордақылау алаңдары желтоқсан айында пайдалануға берілмек.
– Қазіргі уақытта өңірде екі заманауи мал бордақылау алаңы бар. Олардың жылдық қуаттылығы 1300 тоннаны құрайды. Жыл соңына дейін Ақжар және Уәлиханов аудандарында тағы екі алаң тұрғызылады. «Жәке» шаруа қожалығы бір ай бұрын ірі қараның алғашқы партиясын әкелсе, «Береке – Ақжар» серіктестігі кеше қара малдың бірінші легін жеткізді. Үшінші кешен 2021 жылы Айыртау ауданында іске қосылатын болады. Бұл жобаларға 9 млрд. теңгеден астам қаржы құйылады. Жалпы 23 мың басқа арналған бордақылау алаңдары жылына 7 мың тонна ет өндірмек, – деп жазды Құмар Іргебайұлы.
Аталмыш заманауи кешендерді іске қосу арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдықтар жыл бойы жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, жергілікті ет өңдеу кәсіпорындары қажетті шикізатпен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, аудандарда 10 тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүргізілуде. Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp