Өткен аптада облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар кезінде екі солтүстікқазақстандық қаза тапты. Қайғылы оқиғалар Мамлют пен Айыртау аудандарында тіркелді.
Мамлютка ауданында 61 жастағы ер адам суға батып кетті. Марқұмның денесі Окунево көлінен табылды. Белгілі болғандай, балық аулауға шыққан ауыл тұрғыны көпке дейін туыстарымен хабарласпапты. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің және аудандық өрт сөндіру бөлімінің мамандары жүргізген іздестіру жұмыстары барысында әуесқой балықшының мәйіті табылды. Азаматтың құтқару құралдарын пайдаланбағандығы анықталды. Қазір сарапшылар өлімнің себебін анықтап жатыр.
Ал Айыртау ауданында жер үй өртенген болатын. Константиновка ауылының тұрғыны отты пайдалану барысында жеке бас қауіпсіздігі ережелерінің сақтамаған. Нәтижесінде екі пәтерден тұратын тұрғын үй отқа оранған. Қызыл жалын баспананың шатырын және пәтерлердің ішкі төбесін шарпып, жалпы 75 шаршы метр аумақты зақымдады. Өрт сөндірушілер жасағы тілсіз жауды үйдің екінші жартысына жетпей ауыздықтап, толық сөндірді. Өкінішке қарай, оқиға орнынан 53 жастағы үй иесінің мәйіті табылды. Белгілі болғандай, ер адам төсекте жатып темекі шеккен. Кейін оның тұқылы тез тұтанғыш нәрсеге түсіп кеткен.
Айта кетейік, өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында 21 өрт тіркелді.
Сурет: https://aqmolanews.kz/