«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елден кетуі тиіс

Жыл басынан бері өңірімізде көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік елден қуылып, 70 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы облыста өзге мемлекеттердің 1860 азаматы тіркелген.

Қазақстан Республикасының аумағында жү­руге рұқсат беретін құжаттың мерзімі өткен немесе 2021 жылдың 5 маусымына дейін аяқталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еш шара қолданылған жоқ. Яғни, мемлекеттік шекарадан өту кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылмады. Маусымның 5-і жақындап қалды. Енді шетелдіктер елде одан әрі қалуға заңды негіз болмаған жағдайда (жұмыс істеуге рұқсат, отбасын біріктіру үшін және т.б.) тұрғылықты жеріне кетуі тиіс. Алайда одан әрі болу үшін заңды негіздер болса, уақытша тұруға рұқсат немесе қажетті санат­тағы виза ресімдеуі керек.

Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жүрген басқа мемлекеттердің азаматтары қайтадан құжаттардың толық пакетін, оның ішінде соттылығының бар-жоғын растайтын анықтаманы ұсынуы керек.

Талғат ӘБІЛОВ,

облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp