«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУ

Облыстық білім басқармасының дерегіне сүйенсек, Петропавл қаласындағы үш мектепте аутист балаларды инклюзивті қолдау сыныбы бар. Сондай-ақ, №2, 40 мектептерде ресурстық орталық жұмыс істейді. Өткен жылы Петропавлда аутизм орталығы ашылса, алты ауданда ерекше білім беруді қажет ететін жүзден астам баланы қамтитын инклюзивті кабинет бар.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында тағы бес ауданда 108 баланы қамтитын инклюзивті кабинет ашу жоспарланған. Бұл кабинеттер арқылы аталған санаттағы балаларды сапалы біліммен және психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету көзделген.


“Қызылжар-Ақпарат”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp