«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕПКЕ ЖҮЙРІК БАТЫРХАН

Облыс орталығында тұратын есепке жүйрік жеті жасар Батырхан Сағындықов биыл 1-сыныпқа барды. Вундеркинд баланың қабілетін ұстаздары мен сыныптастары да бірден аңғарыпты. Батырхан сандарды ойша алып-қосып, жауабын дұрыс әрі тез айтып береді. Логикалық тапсырмаларды да мүдірмей орындайды. Ұстазы Ирина Гришкованың айтуынша, 4-сыныпқа арналған математика есептерін қиналмай шеше алатын Батырханның қабілетін әрі қарай дамытып, дұрыс бағыт-бағдар бере білу – мұғалімдердің ғана емес, ата-анасының да міндеті. Бір қызығы, зейінді оқушы доллар бағамын теңгеге де ойша аударып, анасының тапсырмаларын орындауда мүдірмейді. Ол ойлануға 1 минутты да қажет етпейді.

Ішкі істер органдарында қызмет атқаратын Динара перзентінің таңғажайып қабілетін 3 жасынан бастап аңғарыпты, алғашында кішкентай математик сандарды ешкімнің үйретуінсіз жатқа айтып, жақындарын таңғалдырған. Анасы ақылды баласының бұл қабілетін әрі қарай шыңдап, жетілдіру үшін мамандардың ақыл-кеңесіне жүгініп отырады. Вундеркиндтердің қабілеттері 4 пен 8 жас ара­лығында шыңдалады екен.  

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp