Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Казгидромед” республикалық мемлекеттік кәсіпорны 19-20 қара-ша күндері облыс аумағының кей жерлерінде 40 градусқа дейін аяз болатындығын ескертеді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады. Қызметтеріңіздің ғимарат-тың ішінде ұйымдастырылуын, балалардың бақылауға алынуын қадағалаңыздар, елді мекеннен алыс жолға шықпауға тырысыңыздар. Осы ақпаратты көршілеріңізге таратып, ауырып жатқандар мен егде адамдарға көмектесіңіздер.
***
Ауа температурасының 30 градусқа, кей жерлерде 35 градусқа дейін күрт төмендеуіне байла-нысты және дизель отынының қатып қалуы себепті көлік құралдарының жолда тоқтап қалуына жол бермеу мақсатында 2016 жылғы 18 қараша күні сағат 18-ден облыс аумағындағы барлық жолдарда елді мекендерден тысқары жерлерге дизельді отынмен жұмыс істейтін көлік құралдарының шығуына тыйым салынады. Бұл шектеу ауа райы тұрақтанғанша сақталады.