Әйгілі “CIES Football Observatory” зерттеу орталығы өзінің ресми сайтында қазіргі таңдағы ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады.
Көшті әлем чемпионы Килиан Мбаппе бастап тұр. Жуырда ғана, яғни 20 желтоқсанда 21 жасқа толған Франция құрамасы мен “Пари Сен-Жермен” клубының өкілі бұл күндері 265,2 миллион еуроға бағалануда.
Екінші орында – Рахим Стерлинг. “Манчестер Ситидің” сапында өнер көрсететін 25 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысының құны 223,7 миллион еуроны құрап отыр.
Үздік үштікті Мұхаммед Салах қорытындылады. Бүгінгі таңда “Ливерпульдің” жұлдызына айналған 27 жастағы мысырлық сұрмергеннің құны – 175,1 миллион еуро.