«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жабық манежде жаттығатын күн жақын

Бүгiнде өңiрімізде барлығы 3 мыңға жуық спорттық нысан болса, биыл олардың саны арта түспек. Егер қазiргi уақытта Шал ақын ауданының Жаңажол және Қызылжар ауданының Новоникольское ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi тұрғызылып жатса, дәл осындай нысанды Уәлиханов ауданындағы Кiшкенекөл ауылында да салу көзделіп отыр. Ал Тимирязев және Айыртау аудандарында жабық хоккей корттары бой көтермек.

Сондай-ақ, “миллиондардың ойынын” дамыту мақсатында облыс орталығында жабық футбол манежі салынбақ. 3,5 млн. еуро тұратын жобаға қаржыны Еуропалық футбол одағы қауымдастығы (UEFA) бөлуге тиіс. “Қарасай” стадионының жанында тұрғызылады деп жоспарланған спорттық кешен өңіріміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының инфрақұрылымын дамытуға оң серпін беріп, тек мақсатты бағытта қолданылатын болады. Қаңтар айында Спорт сарайында ашылған футбол орталығы да балалар футболына деген қамқорлықтың белгісі екені сөзсіз.

Жалпы үстіміздегі жылы облысымызда 91 спорттық нысан ашылмақ. Атап айтқанда, 8 футбол алаңы, 35 шағын футбол алаңы, оның ішінде жасанды жамылғымен 18 шағын футбол алаңы, 23 волейбол, баскетбол алаңы және 16 тренажер кешенін салу жоспарланған.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp