«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалынды жастар бас қосты

Осыдан бес күн бұрын басталған “Ұлы Дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi” атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында Мамлют ауданында жастар форумы болып өтті.

Жалпы дәстүрлі түрде өткізілетін жастар форумының мақсаты – жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін өрендерді жігерлендіру болды. Ал Тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр ғана уақыт өткен жас елдің алғашқы буынына артылған үміті зор. Тәуелсіздіктің құрдастары жоғары оқу орнын тамамдап, енді ғана елдің қоғамдық өміріне белсене араласа бастады. Солардың басын қосқан форум барысында “Жасыл ел”, “Дипломмен – ауылға!”, “Жастар тәжiрибесi” мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асырудағы жас мамандардың табысты жұмысы лайықты бағаланды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенконың қатысуымен өткен салтанатты шарада түрлі аталымдар бойынша белсенді жастар марапатталып, Алғыс хаттар табыс етілді. Еңбектері еленіп, жүздері қуаныштан балбұл жанған жастардың көңілін Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының шығармашылық ұжымының концерті одан әрі асқақтатты десе болады.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp