«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АҚЫНДАР МЕКТЕБІ

Кеше Петропавлда облыстық ақындар орталығы ашылды.

Бұл жас ақындар мектебі облыстық халық шығармашылығы орталығы жанында жұмыс істейді. Басшысы  – облысқа танымал айтыскер ақын Жарқын Жұпархан. Ақындар орталығына кеше алғашқы кастинг өткізіліп, 40 жасөспірім таңдап алынған, бүгін кастинг тағы жалғастырылады. Балалар шешендік өнер, жазба ақындық өнер, суырыпсалмалық, мәнерлеп оқу және дәстүрлі ән бөлімдерінде аптасына 4 сағаттан оқытылатын болады. Сабақтарды бөлім жетекшісі болып тағайындалған жергілікті ақындар жүргізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp