Облыс орталығындағы “Қызылжар” орталық мешітінде өңір жастарының қатысуымен іс-шара өтті. Мұсылманның шынайы келбеті, олардың қоғамдағы орны жайында сөз болған отырыс барысында мешіттің наиб-имамы Қасымхан Исаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамасын жан-жақты түсіндірсе, мешіттің жанынан ашылған жастар ісі бөлімінің жетекшісі Аян Алыпқашев қазақ халқының әдет-ғұрыптары ислам діні қағидаларымен сәйкес, біте қайнасқан тұрмысы жайында әңгіме қозғады.
Шара барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауаптар беріліп, жиналғандарға естелік кітаптар сыйға тартылды.
(Өз тілшіміз).
Петропавл қаласы.