Бүгінгі таңда облысымыз бойынша із-түзсіз жоғалып кеткен 11 адам іздестірілуде. Жыл басынан бері облыстық ішкі істер органдарына туыстары мен жақындарын жоғалтқан 105 солтүстікқазақстандық хабарласқан. Бүгінгі таңда 107 адамның орналасқан жері анықталса, олардың он үшіне өткен жылдары іздеу салынған болатын. Облыстық ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Василий Скляр жоғалған азаматтардың дені ішімдікке әуес, қаңғыбастыққа салынуды әдетке айналдырған ер адамдар екенін айтады.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің аға инспекторы.