Петропавлдағы теміржол вокзалында жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды.
Күрделі жөндеу жұмыстарының барысында вокзал ғимаратының сырты мен шатыры жаңартылған. Алдағы жылы вокзалдың орталық бөлігін, инженерлік коммуникациялар мен сыртқы электрмен қамту жүйесін жөндеу көзделген. Жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау 2021 жылға жоспарланған екен. Жоба бойынша ғимаратта екі эскалатор, жүк және жолаушылар тасымалдайтын үлкен лифт орнату, жолаушыларға арналған екі күту залын жабдықтау қарастырылған.