«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ

Петропавлдағы “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен спорт шебері Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті.

Сайысқа өңіріміздің аудандарынан, Рудный, Ақмола, Қостанай, Жезқазған, Көкшетау, Ресейдің Омбы, Макушино, Петухово, Түмен және Қорған қалаларынан келген екі жүзден астам жасөспірім балуандар жиналды. Петропавл қаласының намысын спорт мектеп-интернатының, “Күрес” және “Жеңіс” спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қорғады.

Қатысушылар он екі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша, Нариман Бекімов, Ілияс Майлыбаев пен Хамид Набиев (“Күрес” мектебі), Абылай Қапен (спорт-интернат) және Андрей Пилипенко (“Жеңіс” мектебі) үздік атанды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp