«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІМПАЗҒА – ЖЕҢІЛ КӨЛІК

«Береке» шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған салта­натты шарада өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Наталья Богда­нованы Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құт­тықтап, сый-сияпат көрсетті.

Наталья әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. 26 жасар боксшы финал­да австралиялық Лекеиша Перголи­тиді жеңсе, жартылай финалда ағыл­шын Шантель Ридпен жұдырық түйістірген.

«Наталья Богданованы әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміз халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионы атағын иеленді. Оның бұл жетістігі – барша қазақ елі үшін үлкен мақтаныш. Жерлесіміздің алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге қол жеткі­зуін тілеймін!», – деген өңір басшы­сы боксшыға су жаңа автакөлік кілтін табыстады. Ал спортшының бапкері Дастан Қабденов 3 млн. теңгенің сертификатына ие болды.

Еркін ЖАҢАЛЫҚ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp