«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

– Мен жалғызбасты анамын. Үш жыл­дан бері жұмыссыз отырмын. Атау­лы әлеуметтік көмек ала аламын ба?


Ақбота ӘБІЛ,
Баян ауылының тұрғыны
Жамбыл ауданы.


Бұл сұраққа Жамбыл аудандық жұмыс­пен қамту орталығының маманы Гүлнәр Еримова жауап берді:
– Жамбыл ауданындағы Баян ауылының тұр­ғыны Ақбота Әбіл өз мәселесімен Архан­гелка ауылдық округінің әкімдігіне не бол­маса жұмыспен қамту орталығына жүгінгені жөн. Егер оның әлеуметтік жағдайы атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібіне сәйкес келсе, жұмыспен қамту орталығы оның өтініші мен құжаттарын учаскелік комиссияға береді.
Учаскелік комиссия құжаттар ке­ліп түскеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеріп, қорытындысын дайындайды.
Жұмыспен қамту орталығы алынған құ­жаттар пакеті мен учаскелік комиссияның қо­рытындысы негізінде көрсетілетін атау­лы әлеуметтік көмек түрін айқындайды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жү­гін­ген адамның тоқсандық жиынтық табы­сы есептеледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім жобасы дайындалып, жұмыспен қамту ор­талығы маманының және басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады. Жұмыспен қамту орталығы электронды түрдегі шешім жоба­сын уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган мәліметтердің толықты­ғын және дәйектілігін, таңдалған көмек тү­рі­нің дұрыстығын, тағайындау (тағайын­дау­дан бас тарту) туралы шешімді тексе­ре­ді. Ал нақты шешімді өтініш иесіне жұмыспен қамту орталығының мамандары немесе әкім хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp