«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ АЛҒЫ ШЕБІНДЕ

 Облыс орталығында полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға сала қызметкерлері мен ардагерлері, тәртіп сақшыларының отбасы мүшелері қатысты. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов саладағы оң өзгерістер туралы баяндады.

– Полиция қызметкерлері елдің ты­ныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Қылмыспен күрес жолында кешенді жұмыстар атқарылуда. Полицияда қызмет ету аса жауапты әрі қауіпті, сонымен бірге игілікті іс. Сіздерге мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету­ге қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. 2020 жылдан бері өңірдегі құқық бұзушылық дерегі 49 пайызға азайған. По­лицейлер «Заң мен тәртіп» қағидасын ор­нықтырудың алғы шебінде жүруі керек, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы өз сөзінде қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде Еңбек ауылындағы оң бастаманы атап өтті. Бүгінде облыстағы арақтан бас тартқан елді мекендер саны 18-ге жеткен. Былтыр Бескөл ауылында өңірде алғаш болып аудандық жедел басқару орта­лығы ашылған. Алда мұндай орталықтар өзге аудандарда да жасақтала бастайды.

Шарада қызметтік міндетін орындау барысында қаза тап­қан капитан Анатоллий Доб­рыниннің, өрт сөндіру бөлімінің командирі Алтынбек Әбдірахмановтың есімдері ерекше ілтипатпен аталды. Өңір басшысы облыс орталы­ғында құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру стансасына марқұм Алтынбек Оралұлының атын беруді ұсынды.

Шарада Қайырбек Дәулет­ханұлы, Зулфия Қожағұлова полковник шенін, Бахтияр Ду­латұлы майор шенін мерзімі­нен бұрын иеленді. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқар­масының инспекторы Ерболат Қожахметов, криминалдық по­лиция бөлімінің капитаны Нұрлан Абатев «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қос­қан үлесі үшін» медалімен ма­паратталды. «Ішкі істер орган­дарының үздігі» төсбелгісі по­лиция майоры Алмат Садуақа­совқа берілді. Бұдан бөлек, өзге де үздік қызметкерлер облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.

– Барша әріптестерімді ме­рекемен құттықтаймын. Поли­ция қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Жақсы нәти­жеге қол жеткізіп жүрген тәртіп сақшылары аз емес, – дейді өңір басшысының Құрмет гра­мотасын иеленген Айыртау ау­данының учаскелік инспекто­ры Шоқан Асқаров.

Шара барысында сала ма­мандарынан бөлек қызмет ба­рысында көзге түскен жандар­дың отбасы мүшелеріне, тәртіп сақшыларының отбасыларына да марапаттар табысталды. Құрмет көрсетілгендердің қата­рында өрт сөндіру кезінде қаза тапан Алтынбек Әбдірахманов­тың жесірі Жанар Әбдірахма­нова мен ұл-қызы да бар.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp