«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Коронавирус жұқтырған 576 науқас ілеспе диагноздан қайтыс болған

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус жұқтырған науқастардың қандай ілеспе аурулардан көз жұмғанын айтты.

“Елімізде 576 адам коронавирус жұқтырып, ілеспе диагноздан қайтыс болған. КВИ науқастарында ең жиі кездесетін ілеспе патология – тыныс алу органдарының аурулары. 52,4 пайыз адам осы патология бойынша қайтыс болған. Қан айналымы жүйесі ауруларынан – 29 пайыз, ісіктерден 4 пайыз адам қайтыс болған және қалған 14,6 пайызы басқа патологиялардан көз жұмды”, деді Бағдат Қожахметов.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp