«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

Айыртау ауданының тұрғыны Лидия Шеремет көп жылдан бері өз бақшасында жеміс-жидек өсірумен айналысады. Сүйікті ісін кәсібіне айналдырмақ болған ол жергілікті кәсіпкерлерді қолдау орталығына келіп, кеңес алып, кейін құжаттарын тапсырады. «Шеремет» шаруа қожалығы конкурстан сәтті өтіп, 1 млн. 100 мың теңгенің грантына ие болды. 10 гектар жер телімін жалға алған кәсіпкер көктем шыға жұмысқа кіріспекші.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp