«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКТЕМ КЕЛДІ

“Асыл – тастан, өнер – жастан” демекші, балалар, жастайыңыздан өнер атаулыға қызығушылық танытып, суырып салып, өлең шумақтарын шығарып, қолөнер бұйымдарын жасауға әуестенсеңіздер, туындыларыңызды жұртқа көрсететін кез жетті. Әртүрлі тақырыптарға қалам сілтеген туындыларыңызды редакцияға жолдауларыңызға болады. Бұл айдармен түрлі тақырыптарды қамтыған өнер туындылары жас оқырмандар назарына ұсынылып, авторы мен шығармасы жайында мәлімет беріліп отырылады. Ол үшін көңіліңізден шыққан туынды жайында редакцияға хат жолдасаңыз жеткілікті.

Мына хат Айыртау ауданынан келді. Хат иесі – Бірлестік орта мектебінің оқушысы Зере Ғазиз күн ұзарып, түн қысқаратын, ағаштар бүршік атып, тылсым табиғат түрленетін көктем мезгілі тақырыбында сурет салған екен. Себебі, ол жылдың төрт мезгілінің ішінен көктем мен жаз мезгілін жақсы көреді. Бұл суреті Зеренің көктем мезгілін қалай түсінетіндігін көрсетсе керек. Бар жәндік иесі оянып, ағаш жапырақтарға боялып, гүлдер жайқалып өсіп тұрған жайма-шуақ шақты көктем деп түсінген Зеренің қиялы ұшқыр-ақ.  

Ұлы Абай Құнанбаевты ғибратты ертегілерімен сусындатып өсірген Зере анамызға ұқсатып, ата-анасы есімін ырымдап қойған Зере ертегі оқуды, оны достарына айтуды ұнатады. Әсіресе, сол ертегілердің кейіпкерлерін қағаз бетіне түрлі түсті қарындаштармен салуды әдетке айналдырыпты. Мәселен, мына суретінен жәндіктер туралы ертегілердің желісін табуға болады. Мұндағы басты кейіпкер – тыным таппайтын еңбекқор құмырсқа. Көктем келісімен ұйқысынан оянатын бар тіршілік иелеріндей құмырсқа да өз қызметіне кірісті. Келесі қысқа әзірліктерін бастады. Қасындағы шегіртке не істейді? Ал көбелек ше?

 Балалар, Зере Ғазиздың салған суретіне қарап, өздеріңнің ой-қиялдарыңнан туған ертегілерің болса, редакциямызға жолдауларыңызға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp