«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Өңірде «Бір күн қалада» жаз­ғы жобасы жүзеге асырылып жа­тыр. Бұл – ауылдық жерлерден келген балаларға демалысты қы­зықты өткізумен қатар, өздерінің таным көкжиегін кеңейтіп, ден­саулықтарын нығайтып, туған өлкенің тарихы және мәдениеті­мен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

«Бір күн қалада» жобасы Мамлют және Қызылжар аудан­дарынан келген шамамен 90-ға жуық баланы біріктірді. Балалар мұражайларға, аттракциондар саябағына және кинотеатрға барды.

Аталған жоба тамыз айына дейін жалғасады. Облыстың әр­түрлі аудандарынан келген оқу­шылар Петропавл қаласының көрікті жерлерін аралап, ұмы­тылмас әсер алады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp