«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА – ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМ

Шығу тегіне және қаржылық жағдайына қарамастан басқарушы лауа­зым­дарды ең қа­білетті адам­дардың иеленуін ме­ритократия қағидаты деп атайды. Бұл терминнің шыққанына көп уа­қыт болса да, тек ХХ ғасырда кеңінен қолданылуда. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңында “мериток­ратия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістік­терін мойындау, оны қабілет­тері мен кәсіби даярлығына сәй­кес мемлекеттік қызмет бабында іл­герілету” деп көрсетілген. 

Өңірімізде бұл қағидат ішкі кон­курс арқылы жүзеге асырылады. Оның нәтижесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардағы 122 мем­лекеттік қызметші мансап баспал­дағы бойынша жоғарылады. Бір қарағанда, бұл құрғақ статистика болғанымен, оның астарында “қыз­мет үшін – адам” емес, “адам үшін – қызмет” қағидатына негіз­дел­ген сервистік мемлекет құруға көшіп жатқанымызды аңғаруға болады. 

Мемлекеттік қызметте тек кәсі­би мамандар қалуы керек деген ұстанымның жарқын мысалы ре­тінде Есіл ауданы әкімінің орын­басары Александр Кравчук жайлы айтуға болады.
Александр Юрьевич еңбек жо­лын 2003 жылы Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің жетекші мама­ны қызметінен бастаған. Со­дан бері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде түрлі қызмет атқарып, Ясновка ауылдық округінің әкімі болды. Осы атқарған қызметте­рін­де жауапкершілігімен көзге түсіп, жұмысын жоғары деңгейде атқара білді. Жинақтаған тәжірибесі мен біліктігінің арқасында Есіл ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметіне ішкі кон­курс бойынша лайық деп танылды. Жаңа қызметінде де бар әлеуетін қалтқысыз еңбек етуге жұм­сауда.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде ғана емес, өзге салаларда да осындай адал еңбегімен қызметі өс­кен мамандар бар. Кез келген жұмыс беруші қызметке қабылдау кезінде дарынды, көзі ашық, білім­ді, озық ойлы азаматқа басымдық берері анық. Біздің өңірде бәсекеге қабілетті жастар көп, оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беру керек деген ойдамын.

 

Людмила УМБЕТОВА,
“Nur Otan” партиясы Есіл аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp