«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЙДАНГЕРЛЕР – МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Жеңістің мерейтойлы жылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық іс-шараларына белсене қатысып жүрген татар, шешен ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері және “Рябинушка” орыс вокалдық тобының ұжымы аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Пресновка ауылындағы Иван Кривченко мен Сергей Репкиннің және Сенжарка ауылында тұратын Александр Кариковскийдің үйлерінде болды.

Ардагерлер олардың сыйлықтары мен айтылған жүрекжарды ақ тілектерін көздеріне жас ала отырып қабылдады. Өздеріне көрсетілген мұндай құрмет оларды қатты тебірентті. Шау тартқан шақтарында олардың денсаулықтарының сыр бере бастағаны рас. Алайда, соған қарамастан, ардагерлер ел өмірімен бірге тыныстағандарын қалайды. Бүгінде Қазақстанымызда бейбіт өмір сүріп отырғандарына, ол үшін өздерінің Ұлы Жеңіс жолынан өткендеріне мақтанады. Осындай жылы жүздесулер үстінде үйлеріне келген қонақтарына қосылып, соғыс жылдарының әндерін шырқады. Олармен қоштасарда өздерін ұмытпай, көңіл бөлгендері үшін алғыстарын айтты.

Амангелді ӘБІЛҒАЗИН,

  Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp