Преснов Мәдениет үйінде Қызыл Армияның 24 жылдығына арналған салтанатты мәжіліс болды. Жиналыста қаһарман жауынгерлердің әкелері мен аналары, әйелдері мен апа-қарындастары майданға барып қайтқан жазушы Иван Шуховтың баяндамасын назар сала тыңдады.
– Біздің делегация барған Н. бөлімі, – деді Шухов жолдас, – соғыс даласында мұздай қаруланған және саны жағынан артық жауды кездестіріп, дұшпанға қарсы соғысты. Алдыңғы позицияда жерлестеріміздің арасында екі жарым аптадан астам уақыт бірге болдық. Біз майдандағылардың командирлері мен саяси қызметкерлердің жауынгерлік тұрмысымен таныстық. Облысымыздың кешегі тракторшыларының, комбайншыларының, колхозшыларының қатары өсіп, тамаша жауынгерлер, талапты командирлер және саяси қызметкерлер болғандығын қуанышпен хабарлаймын.
Сөзінің соңында Иван Шухов Преснов ауданы еңбекшілеріне жіберген майдандағылардың жауынгерлік аманатын жеткізді. “Көктемгі егіске дайындалуда және оны өткізуде Преснов ауданы облыста бірінші орын алуға тиіс. Бұл, майдандағы біздер үшін, тарту болып табылады және бізді жаңа ерліктерге рухтандырады”, деді жауынгерлер бізді шығарып салып”.
(“Ленин туы” газеті,
27 ақпан, 1942 жыл).