«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛАДЫ

Күн өткен сайын гүлденіп келе жатқан Петропавл қаласын абаттандыру бойынша бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруды көздейді. Былтырғы су тасқынынан қатты зардап шеккен Ойқала шағынауданы мен Былғары зауыты кентінде 74 шағын бақ салынып жатыр.

— Жобаға барлық аудандар мен қалалық ұйымдар қатысуда. Шағын бақ аумақтарына 2 мың ағаш, түрлі архитектуралық формалар, орындықтар, жарықтандыру, серуендеу аймағы орнатылады. Футзалға арналған екі модульдық спортзал салынып, волейбол және футбол алаңдары пайда болады, – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер жолы саналатын Қазақстан Конституциясы көшесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба үш кезең бойынша жүзеге асады. Қазіргі уақытта Астана көшесінен Парк көшесіне дейінгі бөлікте инженерлік желілер мен тас төсеніштерді ауыстыру, көгалдандыру және ғимараттардың қасбетін бірыңғай сәулеттік стильде әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта өңірдің рухани өміріндегі тағы бір маңызды жоба – мәдени-ағартушылық бағыттағы «Мағжан орталығы» ашылмақ. Орталықтың жанына жайлы саябақ салынады деп жоспарлануда. Ол болашақта қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp