Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның басты талабы. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен пәрменді күресу үшін мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар атқарылуда.
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты неғұрлым сапалы орындау үшін тиісті білімі мен тәжірибесі бар мамандар тартылды, олар тұрақты негізде өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып отырады, мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі.
Басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қызмет жүйелі және дәйекті сипатқа ие, ол үшін 2017 жылы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу бірқатар міндетті шешуге бағытталған. Солардың бірі – қызметкердің мүдделер қақтығысы жағдайына түсуіне әкелуі мүмкін әрекеттер шеңберін шектеу. Мысалы, бәсекелес ұйымнан қосымша жұмыс туралы сыйлық немесе ұсыныс алу қызметкерді одан әрі оған қайшы келетін осындай ұйымның пайдасына белгілі бір әрекеттерді жасауға итермелері анық. Еңбек міндеттері, сыйлықтар алуға және қоса атқарылатын жұмысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті стандарттарды белгілеу қызметкердің осындай этикалық даулы жағдайға түсуінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты жүзеге асыру үшін басқармада 2023 жылғы маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, жеті сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды: олардың үшеуі нормативтік-құқықтық актілерге және төртеуі ұйымдық-басқару қызметіне қатысты. Оларды жою бойынша іс-шаралар жоспары дайындалды. Жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелімен байланысты лауазымдардың тізбесі қалыптастырылды, ол әдеп жөніндегі уәкілге одан әрі жұмыс істеу үшін берілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жұртшылықтың қатысуымен талқыланып, басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы хат жолданды.
Мекеме қызметкерлері қандай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауы мүмкін екенін түсіну сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесін құрудың маңызды кезеңі болып табылады. Ол үшін басқармада мамандардың басшыны сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары және осындай хабарламаларды қарау тәртібі туралы хабардар ету, кез келген буын мамандарының адалдығын тексеру рәсімі пысықталды.
Басқарма мен оның қызметкерлерінің қызметіндегі мүдделер қақтығысын анықтау – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тәсілдерінің бірі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының едәуір бөлігінің алдында тепе-теңдік жағдайы тұр, онда қызметкер өз міндеттерін тиісінше орындамаудан жеке пайда алу мүмкіндігін көріп, бірақ қандай да бір себептермен бұл үшін қажетті іс-әрекеттерді әлі жасаған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты барлық қызметкерлердің мекемедегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету, олардың Әдеп кодексін жұмыс уақытында да, қызметтен тыс уақытта да бұзуына жол бермеу, кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын тапсыру әдетін қалыптастыру болып табылады.
Бейбіт ИСМАНОВ,
облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.