«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕП АВТОБУСЫ ҚАУІПСІЗ БЕ?

Үстіміздегі жылғы 21 қаңтардан бастап облыс аумағында “Қауіпсіз мектеп автобусы” республикалық ак­циясы жүріп жатыр. Акция бала­ларды білім беру ұйымдарына та­сы­малдауды ұйымдастыру бары­сында олардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуді, жол-көлік оқиғала­ры­ның алдын алуды көздейді. Бұл шараға мектепке дейінгі және мек­теп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәме­лет­ке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнін­дегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, ең­бек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақ­па­рат құралдарының, жергілікті по­лиция қызметтерінің өкілдері қаты­са алады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі ере­желерінің бұзылуын болдырмау та­қырыбында мектеп автобустары­ның жүргізушілеріне нұсқамалар та­рату, сондай-ақ, балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргі­зу­шілерінің қажет жағдайда апат­тық дабыл қағуды қолдануын тек­серу де осы акция барысында атқа­рылмақ.
Балалардың құқықтары мен заң­ды мүдделерін, мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамта­масыз ету талаптарын бұзу факті­лері болған жағдайда Білім және ғылым министрлігі Балалардың құ­қықтарын қорғау комитетінің 8 (7172) 74-25-28 “сенім телефо­нына” хабарласуға болады.
Айгүл ОСПАНОВА,
облыстық білім басқармасының бас маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp