«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Қымбатты әйелдер!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйелдер ғасырлар бойы ер адамның өмірінде ерекше рөл атқарып келеді. Ол шаңырақ отын өшірмей, отбасы жылуы мен жайлылығын сақтап, ерлерді жаңа жеңістерге жігерлендіреді.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап біздің елімізде ана мен баланы қолдауға, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт барысында қазақстандық әйелдерді “ұлттық құндылық” деп атады.

Осызаманғы әйелдер өндіріс пен ауыл шаруашылығында еңбек етуде, бизнес пен саясатта өз орындарын табуда, ғылым мен спортта биіктерді бағындыруда. Бүгіндері білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларын әйелдерсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес.

Біздің қоғамның келешегі – әйелдердің қолында. Нақ Сіздер біздің балаларымызды ізгі істер мен әрекеттерге бағыттай отырып, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіресіздер.

Осы көктемнің шуақты мерекесімен біздің қымбатты аналарымызды, жан-жарларымызды, әпке-қарындастарымыз бен қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге ізгілік пен сүйіспеншіліктеріңіз, даналықтарыңыз бен қолдауларыңыз, шаңырақ жайлылығы мен шыдамдылықтарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Шын жүректен Сіздерге мықты денсаулық, игілік, қуаныш пен бақыт тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp