«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді жарқын мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Көктем мерекесі табиғаттың қайта түлеуі мен жаңаруының шынайы көрінісі болып табылады. Біздің аталарымыз Наурыз адамдардың бейбіт және жасампаздық өмірге, ізгілік пен келісімге ұмтылу сезімін оятады деп санаған.

Бұл мерекенің бойына сіңген терең мағына біздің көпэтносты еліміз үшін ерекше жақын. Қазақстан халқының бірлігі мен өзара түсіністігі қуатты және гүлденген мемлекет құру үшін берік іргетас болды.

“Тамаша болашақ үшін біздің бірлігіміз, елдегі тұрақтылық, бір-бірімізге деген құрмет, бір-бірімізге деген сенім мен сүйіспеншілік керек. Бұл – нақ осындай мереке”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгіндері бүкіл Қазақстан Наурыз мейрамын зор табыстармен және жетістіктермен қарсы алып отыр. Экономикалық өсім қамтамасыз етілген, біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасы артып келеді.

Бүкіл елімізбен бірге біздің Солтүстік Қазақстан облысы да даму үстінде. Жыл сайын өңірімізде мемлекеттік бағдарламалар орындалуда, балабақшалар мен мектептер ашылуда, тұрғын үйлер мен жаңа кәсіпорындар салынуда, қалалар мен ауылдар көркейтілуде. Бұл, әрине, барлық солтүстікқазақстандықтардың жұмыла атқарған жасампаздық еңбегінің нәтижесі екені даусыз.

Қымбатты жерлестер! Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астына біріктіретін жалпыхалықтық жарқын мереке болып табылады.

Осы тамаша мерекемен шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар! Әр отбасына мықты денсаулық, ізгілік, амандық және гүлдену тілеймін!

Наурыз мейрамы әр шаңыраққа қуанышты көктемгі көңіл-күй мен бақыт болып кірсін, оларды жылылық пен күн шуағына толтырсын!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан

облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp