«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – барлық қазақстандықтар үшін айрықша мереке. Ол біздің халқымыздың топтасқандығын және еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген жоғары сенімін бейнелейді.

Осыдан 25 жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев үшін дауыс бергенде халқымыз еліміздің болашақ тағдырын айқындаған болатын.

Біздің Елбасымыз қиын-қыстау, тұрақсыздық белең алып тұрған кезде ел тізгінін қолына алды. Нарықтық реформалардың ұзақ және ауыр жолдарынан сүрінбей өткен Қазақстан нағыз экономикалық және саяси тәуелсіздікке қол жеткізді, әлемдегі экономикалық және сауда үдерістерінің белсенді қатысушысына айналды.

Бүгіндері біз, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанның экономикалық қуатты және саяси тәуелсіз мемлекетке айналғанына куә болып отырмыз.

Мемлекет басшысы гүлдену мен азаттыққа ұмтылған ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы армандарын жүзеге асырды, қоғамды топтастырудың және ұлттық көшбасшылықтың нақты үлгісінің негізгі факторы бола білді.

Қазақстандықтар қысқа мерзім ішінде ұлан-ғайыр істер тындырды. Біздің еліміз – бүгіндері Орталық Азияның экономикалық көшбасшысы. Бұл феноменді шетелдік сарапшылар “қазақстандық экономикалық ғажайып” деп атады.

Президенттің күш-жігерінің арқасында Қазақстан әлемдік өркениетте өзінің лайықты орнын алды. Республика өңірлік және жаһандық ауқымдағы маңызды бастамалардың бастаушысы ретінде барлық әлемдік үдерістерге қатысуда.

Әлемнің көптеген елдерінде орын алған әлеуметтік сілкіністер жағдайында біздің мемлекетіміз тұрақты және сенімді дамып келеді. Бүкіл әлем этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін үлгі тұтады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен біздің елді жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Ең алдымен, ол Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған “Қазақстан – 2050” Стратегиялық бағдарламасын, “Нұрлы Жол” жаңа экономикалық саясатын және “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын табысты жүзеге асырумен байланысты болмақ.

Жаңа реформалар еліміздің әр азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Елбасы айқындап берген міндеттерді орындау біздің Отанымыздың одан әрі табысты дамуының кепілі болатынына сенімдімін.

Қымбатты жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, бақыт, отбасылық игілік және табыстар тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp