«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕХАНИЗАТОР ТАПШЫ

Облыстық еңбек мобильділігі орталығы өткен жылы 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған. Оның он мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал биыл 5 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапса, соның ішінде 3300-ге жуығы тұрақты жұмыс істеп жүр.

Еңбек мобильділігі орталығы қызметкерлерінің айтуынша, өңірде дәрігерлер, мұғалімдер және жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие. Әсіресе дәнекерлеуші, электрик, механизаторлар тапшы. Зауыттарда да бос жұмыс орындары көп.

Заң шеңберінде жаз айларында 16 жасқа толған мектеп оқушылары да жұмыс істей алады. Өткен жазда 65 оқушы 4 сағаттық жұмыс күні бойынша еңбек еткен.

Петропавл қалалық мансап орталығы екі қолға бір күрек іздегендерге түрлі қызмет ұсынуда. Әсіресе оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуда түрлі жобалар қолға алынған. Қазіргі таңда шамамен 400-ге жуық бос жұмыс орны бар.

Жалпы облыс бойынша күніне 80-ге жуық адам жұмысқа орналасады екен. Аудандардағы мансап орталықтары да тұрғындарды жұмыспен қамтуда белсенді.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp