«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәскеуден жеңіспен оралды

Облыс орталығындағы №1 өнер мектебінің бес оқушысы Мәскеуде өткен халықаралық “Рябиновые бусы” байқауынан жүлдемен оралды. Олардың өздері ән айтып, би билеуден сайысқа түскен жас өнерпаздардың конкурсы тартысты өткенін айтады.

– Үміткерлердің барлығы дерлік Ресейдің әр өңірлерінен келді. Қазақстаннан біз жалғыз болдық. Белгілі өнер майталмандары оқушыларымыздың шығармашылығын бағалап, дайындық деңгейлерін тексерді. Сыннан сүрінбей өткен балаларымыздың жеңісі үшін қуаныштымыз, – дейді Петропавл қаласы №1 өнер мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ирина Маркина.

Дүбірлі додаға қатысқан үміткерлердің бірі – 6-сынып оқушысы Дәнекер Жақыпова. Ол Мәскеуде өткен конкурста белгілі әнші, сазгер Бағлан Бәбіжанның “Ал, құрбым” әнін орындап, дипломант атанды. Өнерлі жасөспірім эстрадалық вокал аталымында “Живая вода” әнін орындап, тағы бір дипломды иеленді. Біздің өңірдің намысын қорғаған басқа да қатысушылар дипломдарға ие болды.

Жас әншілер қазір келесі жылдың жаз айында Болгарияда өтетін халықаралық байқауға дайындалуда.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp