«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАНДЫ ҚЫМБАТТАТҚАНДАРҒА ЕСКЕРТУ

Жуырда Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесі әлеуметтік нанның бағасы былтыры жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында 12 пайызға, ал жалпы жыл басынан бері 32 пайызға қымбаттағанын айтып, тиісті орындарға шағымданған еді. 

Желтоқсан айында Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті “Кәсіпкерлік кодексіне” сәйкес  бұл ауданда 1-ші сұрыпты ұннан пісірілген нанды сатушыларға еліміздегі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзылғаны туралы төрт рет ескерту жасады.

 

Нарық субъектілері заңда көрсетілген мерзімде бұл ескертулерді орындап, бағаны 93 теңгеден 83 теңгеге дейін арзандатты. Сөйтіп, шал ақын ауданында әлеуметтік нанға тиісті баға белгіленді. 
 
Сурет https://kaztag.kz/ сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp