«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТТЫҢ ЛАП ЕТЕ ТҮСУІ ОП-ОҢАЙ

Өңірде жыл басынан бері 397 өрт шығып, 60 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірді. Оттан 28 адам мерт болды, соның ішінде 4 бала да бар. Сондай-ақ, 21 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Өткен аптада 17 өрт оқиғасы тіркелді.

Совет көшесінде тұратын қалалық өз ауласында болгарка қайрақ-арасымен 200 литрлік темір бөшкені кескен, одан шыққан ұшқыннан бөшкенің ішіндегі бояулак қалдықтары лап етіп жанған. Бірінші дәрежелі күйік алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер келгенше от сөндірілген.

Ал Қызылжар ауданындағы Боголюбово ауылында шыққан өртті ауыздықтау оңай болған жоқ. Үй иелерінің жоғында шаруашылық ауласынан от шығып, ондағы 7 газ баллоны жарылғандықтан, өрт жақын тұрған үйге түсіп, толық күйдіріп жіберген. Өрт аумағы 182 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруге №13 өрт сөндіру бөлімінен басқа, төңіректегі бірнеше шаруашылықтың өрт сөндірушілері жұмылдырылды.

Облыс орталығында “Каздревуголь” ЖШС-іне қарайтын ағаш көмірін өндіретін цех жанды. Қаладағы үш бірдей өрт бөлімшесі үш сағат бойы тілсіз жаумен күресті. Ғимараттың 700 шаршы метр шатырын жалмаған өрттің шығу себебі анықталуда.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp