Қазақстан премьер-лигасының 11-турында «Қызылжар» Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына 3:2 есебімен жеңілді.
«Оқжетпес» алғашқы минуттардан-ақ шабуылға көшіп, 10-минутта пенальтиден есеп ашты. «Қызылжар» екінші таймда қарқынын арттырып, есепті теңестіргенімен, алаң иелері қайтадан басымдықты өз қолына алды. Матч соңына қарай есеп 3:2 болып, көкшелік жанкүйерлер үлкен қуанышқа бөленді.
Матч барысында Глеб Валгушев екі ескерту алып, 37-минутта алаңнан қуылды. Бір минут өтпей «Оқжетпес» капитаны Аслан Дарабаев қарсыласқа дөрекі әрекет жасап, қызыл карточка алды. Осылайша екі команда да матчтың жартысынан астамын он ойыншымен өткізді.
Самат ҚАБИДЕН,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.