«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ризашылық — ізгі қасиет

Күнтізбедегі мерекелер қатарын толықтырған 1 наурыз – Алғыс айту күнін облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де атап өтті. Олар өз шараларына Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелерін, қайырымды азаматтарды шақырды. Меймандар алдымен ағаштан түйін түйген шеберлердің және он саусағынан өнер тамған жас ісмерлердің қолынан шыққан бұйымдары қойылған көрмені тамашалады.

“Көрмедегі заттарды балалар сабақтан тыс уақытта өтетін шығармашылық үйірмелерде дайындады. Өскелең ұрпақты осылайша еңбекке, ізденіске баулимыз. Ал биыл алғаш рет мерекеленіп жатқан Алғыс айту күні жеткіншектердің өзгелерге сыйластық сезімдерін нығайтып, кішіпейілділікке үндейді”, – дейді аталмыш білім ордасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жазира Ғабдуллина.

Бүгінгі күні 100-ден астам бала үшін алтын ұяға айналған мектеп-интернатта өнерлі өрендер аз емес. Бұл жолы да олар сахна сәніне айналды.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp