Азаматтарға 2019 жыл үшін мүлік пен жерге салықтарды уақтылы төлеп үлгеруі үшін 1 қазанға дейін санаулы күндер қалды. Мүлік салығы мен жер салығының есептелген сомалары туралы ақпаратты, сондай-ақ салықтарды төлеу үшін түбіртектерді www.nalog.integro.kz сайтында (аты-жөні немесе ЖСН бойынша) басып шығаруға болады.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленуге жататын салықтардың (мүлік салығы және жер салығы) сомасы туралы хабарламалар Қазақстан Республикасының азаматтарына сондай-ақ қағаз нысанда пошта арқылы жіберілді.
Салықтар бойынша берешекті «Мәліметтерді басып шығару жөніндегі терминалдар» арқылы да білуге болады.
Терминал қызметтерін петропавлдықтарға мынандай мекенжайлар бойынша пайдалануға болады:
Ø «Семейный» СҮ, мекенжайы: Мұқанов көшесі, 53; Н.Ә. Назарбаев көшесі, 252;
Ø «Сити Мол» СҮ, Уәлиханов көшесі, 56,
Ø «Рахат» СҮ – Қазақстан Конституциясы көшесі, 55;
Ø «Евразийский» СҮ – Интернационал көшесі, 63;
Ø Петропавл қ. МКБ РММ (ЖБО ғимаратында) – К.Сүтішев көшесі, 56А.
Ø Қызылжар ауданының тұрғындарына – Гагарин көшесі, 8 мекенжайы бойынша ЖБО Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында.
Мәліметтерді басып шығару қызметі жеке тұлғаның ЖСН шифрланған жеке куәліктің штрих-коды арқылы бірден ұсынылады.
Сондай-ақ өз салықтары туралы нысандардың орналасқан жері бойынша салық органдарына жүгіну арқылы білуге болады. Жер салығы, мүлік және көлік салығы бойынша байланыс телефондары СҚО бойынша МКД сайтында «Жеке тұлғаларға» қосымша бетінде орналастырылған (http://sko.kgd.gov.kz).
Салықтарды төлеуді әртүрлі тәсілдермен жүргізуге болады:
1. Банктердің немесе «Қазпошта» АҚ-ы облыстық филиалы бөлімшелеріндегі қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банктік карталар көмегімен,
2. Банктік шот болған жағдайда салықты онлайн-режимде мобильді қосымшалар арқылы («Салық төлеушінің кабинеті» МКК web-қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар) төлеуге болады,
3. fastpay.kz сайтында Оnline сервисі. Осы сервистің көмегімен жеке тұлғалар төлемді комиссиясыз жүргізе алады.
4. еGov.kz порталында барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді ЭЦҚ-мен авторландыру және қол қою қажеттілігінсіз төлеу бойынша қызмет пайда болды. Салықтарды төлеу жөніндегі нұсқаулық eGov.kz «Электрондық үкімет» порталында.
5. “Салық әмиян” қызметі арқылы. Ол үшін eSalyq қосымшасында тіркелу қажет (App Store және Play Market-те жарияланған), ЭЦҚ пайдалана отырып немесе СМС-код бойынша, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы қажет. Сондай-ақ, мобильді қосымшада ЖСН/пароль, жылдам қол жеткізу коды және биометрия (FaceID, TouchID) бойынша кіруді баптауға болады.
Анықтама ақпаратын алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының тегін 1414 телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.
Салықтарды уақтылы төлемегені үшін қандай да бір айыппұл санкциялары қарастырылмағанын қосымша хабарлаймыз, мерзімі өткен әрбір күнге қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде тек өсімпұл есептеледі.
Сондай-ақ, 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері үшін құрылған мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі борыш сомаларын төлеген жағдайда жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық көзделгенін хабарлаймыз.
Жаңыл ҚАБДӨШЕВА,
СҚО бойынша Мемлекеттің кірістер
департаменті түсіндіру жұмысы
басқармасының бас маманы.
Сурет: 24.kz/