Жаңа оқу жылында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 329 қыз бен жігіт оңтүстік өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысының колледждерінде 11 мамандық бойынша білім алуға келді.
Олардың 138-і ауылдық жерлердегі оқу орындары – Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы және Ленинград ауыл шаруашылық колледждерінде орналасты. Қалғандары облыс орталығындағы үш колледжде оқиды.
2014 жылы басталған бұл бағдарлама бойынша биыл жазда алғашқы 67 адам мамандық алып шыққан болатын.