«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҰРАНЫСҚА САЙ

Қазір өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарында зейнет жасындағы адамдар көп. Демек агроөнеркәсіптік кешенде жас мамандар жетіспеушілігі туындауы мүмкін деген сөз. Сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісіне қажет сапалы біліммен қаруланған мамандарды даярлау – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндеті болып қала береді.

Қазіргі уақытта М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің агро­технологиялық факультеті бакалавриаттың алты бағдарламасы бойынша ма­мандар даярлайды. Атап айтқан­да, студенттер “Аг­рономия”, “Ор­ман ресурстары және ор­ман ша­руашылығы”, “Мал шаруашылы­ғы өнім­дерін өндіру технология­сы”, “Азық-түлік өнім­дерінің тех­но­логиясы”, “Биотехноло­гия”, “Өсім­діктерді қорғау және каран­тин” ма­мандықтары бойынша оқытылады. “Биотех­нология”, “Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы”, “Агроно­мия” секілді үш бі­лім беру бағ­дар­ламасы бойынша магис­тра­ту­ра бар. Агротехнологиялық фа­куль­теттің ұжымы тәжірибесі бар оқы­тушылардан тұрады, оның ішінде екеуі – еліміздің ауыл шаруа­шылығы ардагері, біреуі – Қазақ­стан Республикасы құс шаруа­шы­лы­ғының құрметті қызмет­кері. “Азық-түлік қауіпсіздігі” кафедра­сының аға оқытушысы Ақан Жү­нісов Бескөл үйректері тұқымы және екі тізбекті ақ үй­ректер ав­торларының бірі. “Ата­мекен” Ұлт­тық кәсіпкерлер па­латасының білім беру бағдарла­маларының тәуелсіз рейтингі­сінің нәтижесін­де “Агрономия”, “Мал шаруашы­лығы өнімдерін өндіру техноло­гия­сы”, “Ор­ман ре­сурстары және ор­ман шаруашы­лығы” сияқты білім беру бағдар­ла­малары бо­йынша университе­тіміз еліміздің жоғары оқу орын­дары арасында алғашқы үштікте тұр.

Агротехнологиялық факуль­тет кафед­ра­ларының жұмысы өндіріспен тікелей бай­ланысты. Біздің облыстың ірі ғылыми-өн­­дірістік құрылымдарында фа­куль­те­ті­міздің филиалдары бар. Олардың ара­сынан “Солтүстік Қа­зақстан ауыл шаруашы­лы­ғы ғы­лыми-зерттеу институты”, “Бес­көл құс фабрикасы”, “Ала­бо­та” асыл тұқымды мал зауы­ты”, “Петропавл бройлер фабрикасы”, “Петерфельд-Агро”, “Аби-Жер”, “Аг­ро­лаб”, “Казмясопро­дукт” жауапкершілігі шек­теулі се­ріктестіктерін атап өтуге болады.

Қазақстанның көптеген жоға­ры оқу орындарымен және ғы­лыми орталықтарымен, Ресей, Қытай, Польша, Беларусь, Из­раиль және тағы басқа елдермен ғылыми-педагогикалық байла­ныстамыз. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Сол­түстік Орал мемлекеттік аграрлық уни­верситеті (Түмен), Арк­тика мемлекеттік агротехноло­гия­­лық университеті (Саха Республикасы, Якутия), П.А.Сто­лыпин атындағы Омбы мемле­кеттік аграрлық универ­ситеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аг­ро­техникалық университеті, Сол­түстік-Батыс ауыл және орман ша­руашылығы универ­ситеті (Қытай) бар.

Дмитрий ИЛЬ,

М.Қозыбаев атындағы

СҚУ-дің “Азық-түлік қауіпсіздігі” кафедрасының меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp