Жаңа жылдың басында қыз-келіншектерге әдемілік әлемінен бірнеше кеңес беруді ұйғардық. Биыл сән индустриясының алыптары алтын, қара, көк, жасыл, қызыл, сары, қоңыр түстерді ұсынып отыр.
Сондай-ақ, бұл жылы классикалық ақ пен қара түстер де сәннен шықпайды, дейді олар. Қой жылы етегі кең әрі ұзын, грек стиліндегі, годе, белдемше, шілтерлі, органза гүлді және тастармен безендіріліп тігілген көйлек кию керек көрінеді. Сонымен қатар дизайнерлер Қой жылы қысқа етекті көйлектер де сәннен шықпайтынын айтады. Бәрімізге белгілі, аксессуарлар образды ашуға қосымша көмек көрсетіп, адамды ерекше көркем ете түседі. Осыған орай киімге үйлесімді болатын түрлі аксессуар тағуға да болады. Тек түстер өзара үйлесім тауып, бірін-бірі толықтырып тұрса болғаны. Мысалы, бір топтамада сары, құм түстес және қоңыр немесе сарғыш түстердің үйлесімі әсерлі көрінеді.
Әрине, мамандардың сөзіне құлақ асқан дұрыс, бірақ, ең бастысы, киген киіміңіз өз талғамыңызға сай болғаны абзал.