«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘУІРДІҢ СОҢЫНДА – ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевтің “Жетім тағдыр” атты драмасы сахналанады деп күтілуде.

Жаңа қойылымға дайындық жұмысы басталып та кетті. Оның қоюшы-режиссері – облыс көрермендеріне “Батыр Баян” қойылымымен танылған көкшетаулық актер, театр режиссері Мұратбек Оспанов.  

Бүгінгі күннің әлеуметтік қайшылықтары мен екі жастың шынайы махаббаты және бақытқа жетер жолдағы күресі арқау болған қойылым көрермендерге сәуір айының аяғында жол тартпақ.

 (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp