«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

Бүгінде елімізде техникалық та­лаптарға сәйкес келмейтін өнім­дердің айналымға түсуіне жол бер­меу бойынша пешенді шаралар әзірленуде. Импорттық өнімдерді әкелу тәртібіне өзгерістер енгізу, сонымен қатар еліміздің техни­ка­лық талаптарына сәйкестігі рас­та­маған импорттық тауарларды шекарадан өткізуге тыйым салу ұсынып отыр. Бұған дейін тауарға шартты шығарылым рәсімін енгі­зу бойынша жұмыстар жүргізілген бо­латын. Бұл шара кедендік рә­сім­деу кезінде тауарға сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация сияқты сынақтан өт­ке­нін растайтын құжаттарды алу­ға арналған. Бірақ импорттық өнім сынаққа дейін қазақстандық на­рыққа жол таптатып. Қазір бұл рә­сім жойылды. 

Техникалық реттеу жүйесі дис­трибьюторларға, яғни қайта са­тып алушыларға сапасыз тауар­ларды әкелуге, нарықтағы “сұр” сертификаттарды сатып алуға кедергі келтіреді деп болжануда. Техникалық реттеу және метроло­гия комитеті, оның аумақтық бө­лімшелері мен ведомстволық ба­ғынысты ұйымдары “сұр” сер­ти­фикаттармен күрес мәселесіне басымдық береді. Еліміздің тауар өндірушілері стандарттау үрдісіне қатысу арқылы нарықты жасанды және контрафактілік өнімнен қор­ғауға ықпал етулері тиіс. Атап айт­қанда, “Ұлттық аккредиттеу орталығы” жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігі аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган осындай сертифи­кат­тар мен жалған құжаттарды беруді анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде Ресей Фе­дерациясы берген сәйкестікті рас­тау жөніндегі құжаттардың қол­данылуы тоқтатылды. 

Қазіргі уақытта осындай келең­сіздіктерге тосқауыл қою және өнімді алдын ала сынақтарсыз Қа­зақстан аумағына әкелуге тыйым салу жоспарланып отыр. Импор­тер алдымен тауардың сапасын, оның еліміздің техникалық талап­та­рына сәйкестігін растауы қажет. Тек содан кейін тауарға  шекара­дан өту құқығы беріледі. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды оңтай­лы жүргізгу мақсатында тиісті ин­фрақұрылымдар құру жоспар­лануда. Бүгіндері кәсіпкерлердің тауарларының бақылау-қадаға­лау органдарынан кедергісіз өтіп, сөрелерге және кейін сатып алушыларға түсуі үшін Қазақстан мен шетелдерде арнайы зертха­налар мен аккредиттелген орта­лықтар салынуда. Мақсат – адал кәсіпкерлер мен бақылаушы ор­ган­дардың жұмыстарын үйлес­тіру арқылы ішкі нарықты алаяқтықтан қорғау.
Көлеңкелі айналым мен кон­тра­фактіге қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі – тауар­ларды таңбалау және қадағалау жүйесі. Алдағы уақытта бұл жүйі енгізілетін болады. Кейбіреулер бұл қадамның жергілікті  кәсіпкер­лерге қосымша жүктеме түсіреді деген пікір айтуда. Алайда, бұл олай емес. Керісінше, аталмыш жүйе­нің арқасында іскер аза­маттарға түсетін жүктемелердің саны азаятын болады. Сөйтңп, бизнес өкілдерін контрафактілі өнімдерден қорғанып, нарықта бәсекелестікті қорғау жүйесін құру мүмкіндігін береді.
Қазіргі уақытта темекі мен ал­коголь өнімдерін, аяқ киімдерді және дәрі-дәрмектерді таңбалау бойынша қанатқақты жобалар іске қосылды. Өткен жылы тон­дар­ды таңбалау бойынша жоба жүзеге асырылған болатын. Бұл  жобалар нарықта бәсекелестік пен өнімнің сапасына оң әсер етеді. Таңбалау тетігін енгізу ал­дағы уақытта ел экономикасына мультипликативтік әсер етуі тиіс.
Сонымен қатар, халықаралық талаптарға сәйкес, сапа стан­дарт­тары қайта қаралатын бола­ды. Бұл өз кезегінде қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақ­сартуға мүмкіндік береді және жер­гілікті тауарлардың сыртқы на­рыққа еркін шығуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еліміздегі жиһаз өнімдерінің стандарты еуропалық стандартқа сәйкес болған жағдай­да, қазақстандық өнімге Еуропа елдеріне жол ашылады. Яғни, сапасы жағынан бірдей екі елдің тауарлары тек баға жағынан бә­секеге түспек. Бұдан бөлек, кә­сіпкерлер сапалы өнімдерін трансұлттық сауда желілері арқылы сату  мүмкіндігіне қол жеткізеді.
 

 

Бейбіт ӘБІЛЕВ,
облыстық техникалық реттеу және метрология
департаментінің басшысы.
 
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp