«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА РЕСУРС ЖЕТКІЛІКТІ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Бизнес-ахуалды жақсартудың жаңа шаралары

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру үшін өзі басқаратын министрліктің бес негізгі бағыт бойынша жұ­мыс істейтінін айтты. Бұл – кә­­сіп­­кер­лікті дамыту, салық-бюджет сая­сатын жетілдіру, инвести­ция­ларды ынталандыру, теңгерім­делген өңірлік даму, мемлекеттік басқару.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғасады. Бұл 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесін – 35%-ға дейін, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4 млн. адамға дейін ұлғайту туралы міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Теңгерімделген өңірлік даму бойынша Жергілікті өзін-өзі бас­қаруды жетілдіру шеңберінде ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндіктері кеңейтіледі (са­лық­тар мен төлемдердің төрт түрі беріледі). Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжы­рымдамасы әзірленеді. Бұл тұжы­рымдама шеңберінде ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәс­ли­хаттардың өкілеттіктерін кеңейту бойынша ұсыныстар дайын­далады. Мемлекеттік басқару бойынша мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағылар саны 2020 жылы 10%-ға, келесі жылы тағы 15%-ға қысқарады.

Ұлттық банк төрағасы Ербо­лат Досаевтың айтуынша, Прези­денттің бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стра­тегиясы әзірленуде. Оның тиімділігін арттыру және валюта нарығын тұрақтандыру үшін Үкіметпен бірлесіп валюталық түсімді елге қайтаруға арналған қосымша шаралар пысықталады және экспорттаушылардың оны іске асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Дағдарыс салдарынан айтар­лық­тай зардап шеккен секторлар­дағы кәсіпорындарды қолдауға қосым­ша 200 млрд. теңге бөлінеді. Ұлттық банктің жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд. теңгеге дейін жеткізіліп, 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамау­баев Президент тапсырмаларының тезірек орындалуы үшін Үкіметке “Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінде сатып алу туралы” заң жобасы енгі­зіл­генін айтты. Заң жобасы барлық процедураны 100% электронды форматқа көшіру арқылы сатып алулардың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Кооперативтерге кең өріс

Агроөнеркәсіп кешенін дамы­тудың алдағы жоспары туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баян­дады. Министр айтқандай, келесі бес­­жыл­дыққа арналған жаңа Агро­өнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзір­лейтін жұмыс тобы құрылды. Жо­бада: ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру; ауыл халқының табысын өсіру; еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру; АӨК өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту шаралары қамтылады.

Салық заңнамасында кооперативтер үшін барлық салық бойынша 70%-ға жеңілдік көзделген. Қазір су тұтынуды азайту және ылғал ре­сурстарын үнемдеу технология­сына көшуді ынталандыру үшін заманауи суару жүйелерінің құны 50%-ға субсидияланады, бұл суды тұ­тыну мен жоғалтуды бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді”, – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Жол мен үй салуға серпін беріледі

Индустрия және инфрақұ­ры­лымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін тезірек шешу үшін “Нұр­лы жер” бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй құры­лысына қарастырылған қаражатты қайта бағыттау ұсынылады. Ша­мамен, 100 мың азаматқа қолдау көрсетіледі. “Сонымен қатар жеке құрылыс салуды ынталандыру үшін “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында азаматтарға жеке құ­ры­лыс салуға бөлінетін 40 мың жер учаскесіне коммуникация­лар тартылады. Елімізде 6,3 мың ауыл болса, соның 3,5 мыңы перспективалық саналады. “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында өз қа­ражатына типтік жобамен бас­пана тұрғызатын ауылдардағы жұмыс берушінің шығындарын суб­сидиялау тетігі әзірленеді. Ми­нистрлік үйдің белгіленген құнының бір бөлігін субсидиялау тетігін әзірлейді”, – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, “Нұрлы жол” бағ­дар­­ламасы аясында 11 мың шақы­рым жол салынады және қайта жаң­­­ғыртылады. Оның ішінде рес­­­пуб­­ликалық желідегі 4 мың ша­­­қы­­рым жолда биыл жұмыс жүр­гі­­­зіліп жатыр. Осылайша, 2025 жыл­ға дейін республикалық желі­дегі автожолдардың барлығы жақсарады.

Интернет пен экожүйе жақсарады

Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағ­дат Мусин бүгінгі таңда қазақ­стан­дықтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша екі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті. Ол – ауылдық елді мекендерге талшықты-опти­калық байланыс желілерін тарту және мобильді кеңжолақты интер­нетке қосу. Екеуі де жыл соңына дейін аяқталады. Бұл 250-ден ас­там тұрғыны бар барлық ауыл­дарды сапалы интернетпен қам­тамасыз етеді. Сондай-ақ, байланыс сапасын арттыру үшін: байланыс сапасының параметрлері айқындалады; интернет сапасы бойынша деректерді тіркеуге және беруге мүмкіндік беретін Халықтық бақылау құралы енгізіледі. Байланыс операторларына қойылатын талаптарды арттыру үшін бірқатар басқа да заңнамалық түзетулер пысықталады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2019 жылы мониторинг нәтижелері бойынша Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қала­ларында атмосфералық ауа жоға­ры деңгейде ластанғанын айтты.

Өндіруден өңдеуге бет түзейміз

Энергетика саласындағы қа­зір­гі және орта мерзімді жос­пар­лар туралы баяндаған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елі­міз­дегі ІЖӨ-нің шамамен 25%-ын өндіретін және экономикаға 50%-ға жуық инвестиция тартатын мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосымша құны жоғары, экспортқа бағдарланған өнімді шы­ғаруға және мұнай газ-химия өнер­кәсібін дамытуға қайта бағ­дар­лау бойынша ауқымды жұ­мыс­тар жүріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұ­рым­бетов, Денсаулық сақтау министрі А.Цой, Білім және ғы­лым министрі А.Аймағамбетов әлеу­меттік салалардағы Прези­дент тапсырмаларын орындау бағы­тындағы жұмыстарын орта­ға салды. Б.Нұрымбетовтің айтуын­ша, бүгінгі таңда 721 мың қа­зақ­стандық зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін тұрғын үй және емделу мақсатына жұмсай алады, бұл, шамамен, 1,4 трлн. теңге. “Мұның ішінде жеткілікті көлемде қаржы жинаған 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азамат пен зейнетақы қорында қаржысы бар 178 мың зейнеткер бар.

Бәсекеге қабілеттілік артады

Премьер-Министр халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономиканы одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер жүктелгенін атап өтті. Жолдаудағы тапсырмалар­ды орындау бәсекеге қабілетті нақ­ты секторды белсенді дамыту­ды және экспорт құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз етеді.

Бюджеттен тыс қорларды ескере отырып, “кеңейтілген бюджетті” енгізу керек. Тікелей және портфельдік инвестицияларды тарту, отандық тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында “Астана” ХҚО алаңы пайдаланылады. “Жолдаудың басты мақсаты – тұрғын үйдің қол­жетімділігіне, қолайлы отба­сылық-демографиялық жағ­дай­ларға, жақсы экологияға, қол­же­тімді әрі сапалы білімге, сон­­­дай-ақ, денсаулық сақтау жүйе­­­сіне негізделген азам­ат­тар­дың әлеуметтік әл-ауқатына бағыт­талған”, – деді А.Мамин.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының Жолдауы мем­ле­кеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға, кадр саясатын, шешім қабылдау және олар­дың орындалуы үшін жауап­кер­шілік жүйесін қайта қарауға ба­ғытталғанын атап өтті. Президент Жолдауының барлық бағыттарын іске асыру үшін биылғы 7 қыр­күйек­ке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Қ.Тоқаевтың бекітуіне енгізіледі.

(“Egemen Qazaqstan”, 3 қыркүйек 2020 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp