«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХЫМЫЗДЫ ТОЛЫҚТЫРА ТҮСЕТІН ДЕРЕКТЕР

Аспанасты елінің Бірінші тарихи мұрағатынан 283 томды құрайтын құнды деректер Алматыға жеткізілген. Олардың ішінде Абылай ханның Қытай императоры Цянь-Луньмен жазысқан хаттары да бар. Баспа өнімдері Цин империясы дәуірлеп тұрған кезеңді қамтиды.

Қазақ ханы мен Қытай билеушілерінің 1730-1781 жылдар аралығындағы тарихи қарым-қатынасынан мол мағлұмат беретін құжаттарда қазақ хандығының көрші мемлекетпен саяси және экономикалық байланысын көрсететін мол деректер де бар. Бұдан бөлек, Қытай мұрағаттарында біздің елімізге қатысты үш мыңнан астам құжат бар екен. Олардың әрқайсысымен жеке танысуға әлі күнге ешкімнің қолы жетпеген.

Бұл таңғаларлық материалдар сыртқы саяси қарым-қатынасты білдіретін деректермен қатар, жоғары сенімділік пен сыйластық нышандарын да айғақтайды. Абылай ханның Қытай императоры Цянь-Луньмен жазысқан хаттарында құттықтаулар мен тілектер, сондай-ақ, қазақ хандығы мен Цин империясындағы елші тағайындау туралы да деректер кездеседі.

Қазақстан – Қытай елі мұрағатына жол ашқан әлемдегі үшінші ел болып отыр. Тарихшы ғалымдар келешекте Қытай елі мұрағатындағы барлық материалдарға қол жеткізетін болады.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp