Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ратмир Бахытұлы Ахметов Солтүстік Қазақстан облысы Құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ратмир Ахметов 1984 жылы туған.
М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясын, Қазақ технология және бизнес университетін инженер, экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда менеджер болып бастады.
2007-2008 жылдары Көлік және коммуникация министрлігінде пайдалану, жұмылдыру дайындығы және автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бас маманы болып істеді.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Көлік және коммуникация министрлігі пайдалану басқармасының сарапшысы, автомобиль жолдары комитеті құрылыс басқармасының басшысы болып еңбек етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.