«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРМЕДЕГІ ЖІГІТКЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҚТЫ

Петропавлдық бойжеткен темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жүрген жігітке тұрмысқа шықты. Неке қию рәсімі ЕС-164/3 түзеу мекемесінде өтті. Күйеу жігіт 2019 жылдың қыркүйек айында тонау фактісі бойынша сотталып, екі жылға бас бостандығынан айырылған. Екі жастың неке қию рәсімін өткізу үшін түзеу мекемесіне облыстық АХАЖ қызметкері шақыртылған. 

– АХАЖ қызметкері сотталған азамат пен оның қалыңдығының некесін тіркеп, неке қию туралы куәлікті табыс етті. Отбасын құру кез келген адам үшін маңызды. Бұл жағдай сотталушының тәртібін жақсы жағына қарай өзгертеді деген ойдамыз, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.

Жазасын өтеуші 2021 жылы бостандыққа шығады. Қалыңдығы сол сәтті асыға күтетіндігін жеткізді. Екі жас бір-біріне адал болып, қуанышты да, қиындықты да бірге көтеруге сөз байласты.
– Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар арасында түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. Жұмыспен қамту орталығы және пробация қызметімен бірлесіп сотталғандардың туыстарымен байланыстарын үзбеуіне атсалысамыз, – деді аталмыш департаменттің баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиева.
2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінде 13 неке қию рәсімі өткізілген.

Сурет https://azattyq-ruhy.kz/ сайтынан алынды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp