
Еліміздегі төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты биылғы жылдың 13 мамырынан бастап облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі орталығы (Жамбыл көшесі, 71А) кестеге сәйкес жұмыс істеуде:
– Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, шығу және қалпына келтіру мәселелері бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
– Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мәселелері бойынша сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін қабылдау жүргізіледі.
Облыстық коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Жедел штабтың шешімі негізінде биылғы 18 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан “Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорт, жеке куәлік беру” мемлекеттік қызметін алуға болады.
Азаматтарды қабылдау тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдауға келушілер медициналық бетпердемен болу керек.
* * *
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 26 наурыздан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды.
Үкіметтің 2020 жылғы 11 мамырдағы №283 қаулысына сәйкес елдегі төтенше жағдай кезінде және күші жойылған күннен бастап он алты күн күнтізбелік уақыт ішінде жарамдылық мерзімі өткен жеке куәліктер жарамды деп танылады, яғни жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін ұзартылды, жарамдылық мерзімі өткен құжаттар бойынша (жаңаларын алғанға дейін) Қазақстан Республикасының азаматтары түрлі қызметтер, зейнетақылар, әлеуметтік және басқа төлемдер алу үшін мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға жүгіне алады.
Мерзімі өткен жеке куәліктер үстіміздегі жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмай ауыстырылады.
Төтенше жағдай (карантин) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болған және белгіленген мерзімде елден шыға алмаған шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген санкциялар қолданылмайды.
2020 жылдың 10 шілдесіне дейін олар ешқандай қосымша құжаттарды толтырмай Қазақстан Республикасынан кете алады. Шығару туралы сот шешімдері орындалмаған адамдар елден кетуге міндетті.
Қазақстан Республикасында қалғысы келетін шетелдіктер мерзімі өткен құжаттарын ауыстыруға, сондай-ақ, өзінің құқықтық мәртебесін реттегені жөн. Қабылдаушы тараптың өтініші бойынша және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін келген шетелдіктердің себептері болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беріледі.
Визаның негізінде келген немесе визаның мерзімі өткен шетелдіктер шақырушы тараптың өтініші бойынша және негіз болған жағдайда оның қолданылу мерзімі ұзартылады.
Еңбек иммигранттары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпай-ақ және тиісті өтініштерді беру мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмай патенттер алу үшін өтініш бере алады.
2020 жылдың 11 шілдесінде өтпелі кезең аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасында заңды мәртебесін орнатпаған шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
Сонымен қатар облыстық полиция департаменті адамдардың көп жиналуына жол бермеу үшін төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін бірден халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруды шектеуге шақырады.
Азаматтарды қабылдау тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Облыстық полиция департаменті.
Сурет: https://pkzsk.info/