Су берудегі іркіліс біздің сапалы өмір сүруімізге, бәрімізге қандай қиындықтар әкелетінін айтып жатудың өзі артық. Пески ауылындағы бұрынғы су мұнарасы мүлдем ескіргендіктен, қайта қалпына келтіруге келмейтін жағдайға жеткен болатын. Таратушы тораптардың жиі істен шығуы да, көп су шығынына жол беретін.
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығындағы “АЗКО” ЖШС-нің бас директоры Владислав Азрапкин 8 миллион теңгеден астам қаржы бөліп, әлеуметтік мәселені шешуге демеушілік көмек көрсетті. Соның арқасында Пески ауылын үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілді. “АЗКО” ЖШС-нің күшімен сыйымдылығы 25 текше метрлік жаңа су мұнарасы орнатылды. Ондағы үш ұңғыма бұрғы жаңа тереңдік сорғыларымен жабдықталды. Сонымен қатар, бір шақырымнан артық бұрынғы шойын құбырлар полиэтилен құбырларымен алмастырылды. Сөйтіп, жүргізілген ауқымды жұмыстың арқасында Пески ауылының 600-ден астам тұрғыны суды тәулік бойына пайдалана алатын мүмкіндікке ие болды.
Марина ПЕТРОВА,
журналист.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.