«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛҚЫНА ЖАҚЫН ӘКІМДЕР

Балуан ауылы – аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің бірі. Әсіресе, бүгінгі күнге дейін қыс мезгілінде ауыл тұрғындары жол машақатын тартып келді. Боранды күндері ауылдан сыртқа шыға алмай, қиналған кездеріміз аз болған жоқ. Былтыр бір айға жуық ауданға қатынай алмай, діңкеміз құрыған еді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектен тапшылық көргенімізді әлі күнге дейін басымыз қосылған жиындарда айтып, еске алып отырамыз. Өткен қыста тұрғындар жол аштыруға өз қалталарынан ақша да жинап, мәселені шешуге тырысқанымен, түк шықпай, шарасыз күй кешкен едік.

Аудан әкімі қызметіне Ербол Сағдиев тағайындалғанда жүрегімізге сенім ұялады деп айта алмаймын. Басшылардың ауыс-түйісіне ауыл тұрғындарының да әбден еті үйренді ғой. Бірақ біз қателесіппіз Ербол Болатұлының іскерлігінің арқасында аудан түгіл, ауылдардың да еңсесі тіктеле бастады. Биыл қыс басталғалы Балуанның жолы бір жабылған емес. Қыстың көзі қырауда бұрын боран соқса, сыртқа құлағымызды түріп, елеңдеп отырушы едік. Қазір қорқыныштан арылдық, әкім ауылдың жағдайын ескерусіз қалдырмайтынын жақсы білеміз, сондықтан алаңдамаймыз.

Балуан ауылы құрамына кіретін Семиполка ауылдық округінің әкімі Ринат Есқұлов та ат ізін суытпай, жиі-жиі келіп, тұрғындардың хал-жағдайын біліп кетуді әдетке айналдырды. Сондықтан балуандықтар өз уәждерімен билік басындағылардың есігін қақпайды. Тұрғындар өтінішін ауыл әкімі жеріне жеткізіп, шешіп береді. Ринат Мырзағалиұлы ауыл жолының жабылып қалмауын қадағалап отырады.

Сая ӨКСІКБАЕВА,

Сейтен Сауытбеков атындағы Балуан негізгі мектебінің мұғалімі.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp